Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі
(ҚР ҚМ)
Жалпы мағлұмат
Мемлекет  Қазақстан
Құрылған уақыты 7 мамыр 1992
Оның алдындағы мекеме ҚР Мемлекеттік қорғаныс комитеті
Мекемені басқарады Қазақстан Республикасының Үкіметі
Штаб-пәтері 010000, Астана, Достық көшесі, 14 үй
Министр Генерал-полковник Руслан Жақсылықов
Бірінші вице-министр — Қарулы Күштер Бас штабының бастығы Генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов
Бір мекемеге қарасты орган Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері
Ресми сайты
gov.kz/memleket/entities/mod

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі — қорғаныс саласында басшылықты, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін әскери-саяси және әскери-экономикалық басқаруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган, сондай-ақ мемлекеттік авиация және аумақтық қорғаныс салаларындағы уәкілетті орган.

ҚР Президентінің 1992 ж. 7 мамырдағы Жарлығымен[1] ҚР Мемлекеттік қорғаныс комитетінің қайта құрылуының нәтижесінде құрылды.

Міндеттері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1) қорғаныс саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, сондай-ақ мемлекетте бірыңғай әскери-техникалық саясатты жүргізу;

2) Қарулы Күштерді әскери-саяси және әскери-экономикалық басқаруды жүзеге асыру;

3) агрессияға тойтарыс беру, Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығы мен егемендігін қарулы қорғау, мемлекеттік және әскери объектілерді күзету және қорғау, әуе кеңістігін қорғау, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес міндеттерді орындау үшін Қарулы Күштердің жауынгерлік әзірлігін және жауынгерлік қабілеттілігін қамтамасыз ету.[2]

  • Руслан Жақсылықов — генерал-полковник, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі (2022 жылдан бастап)
  • Сұлтан Қамалетдинов — генерал-лейтенант, Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары — Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабының бастығы (2024 жылдан бастап)
  • Шайх-Хасан Жазықбаев — генерал-майор, Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары (2024 жылдан бастап)
  • Қаныш Әбубәкіров — генерал-майор, Қорғаныс министрінің тыл және әскери инфрақұрылым жөніндегі орынбасары (2024 жылдан бастап)
  • Бақытбек Сыдықов — генерал-майор, Қорғаныс министрінің қару-жарақ және әскери техника жөніндегі орынбасары (2023 жылдан бастап)
  • Дархан Ахмедиев — Қорғаныс министрінің орынбасары (2022 жылдан бастап)
  • Әскер Бейсенов — полковник, Қорғаныс министрінің орынбасары (2023 жылдан бастап)
  • Дәурен Қосанов — авиация генерал-лейтенанты, Қорғаныс министрінің орынбасары — Қазақстан Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы (2024 жылдан бастап)[3]

Министрлік ведомстволары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Министрліктің бейбіт уақыттағы ведомствосы – Қарулы Күштердің Бас штабы.

Министрліктің аумақтық бөлімшелері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Астана, Алматы, Шымкент қалалық және облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменттер
  • Қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармалар
  • Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімдер

Қарулы күштер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының басқармасы
  • Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Құрлық әскерлері бас қолбасшысының басқармасы
  • Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшысының басқармасы
  • Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Әскери-теңіз күштері Бас қолбасшысының басқармасы
  • Қазақстан Республикасы Қарулы күштері тылы бастығының басқармасы
  • Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Әскери полициясы бас басқармасы
  • Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Әскери инфрақұрылым бас басқармасы

Өңірлік қолбасшылық

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • "Астана" өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының басқармасы
  • "Батыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының басқармасы
  • "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының басқармасы
  • "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының басқармасы

Қарамағындағы ұйымдар және мемлекеттік мекемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • "Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы" АҚ
  • "Қазақстан ГАЖ орталығы" АҚ
  • "Әскери құрылыс" АҚ
  • Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Спорт комитеті ‒ Орталық спорт клубы
  • Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық мұрағаты
  • Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Мемлекеттік әскери-тарихи музейі
  • Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығы
  • Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Санитариялық-эпидемиологиялық орталығы
  • Талдау және болжау орталығы
  • Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери медицина орталығы
  • Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери-ғарыштық бағдарламалар орталығы
  • Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери өкілдіктер орталығы
  • Метрологиялық қамтамасыз ету және стандарттау орталығы
  • Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Парашюттік даярлық орталығы
  • Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Зейнетақымен қамсыздандыру орталығы
  • Орталық әскери-дәрігерлік комиссия

Әскери оқу орындары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Әскери медициналық мекемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Бас әскери емхана
  • Орталық әскери емхана
  • Әскери клиникалық госпиталь
  • Әскери-теңіз госпиталі, Ақтау қаласы
  • Әскери госпиталь, Ақтөбе қаласы
  • Әскери госпиталь, Аягөз қаласы
  • Әскери госпиталь, Семей қаласы
  • Әскери госпиталь, Талдықорған қаласы
  • Әскери госпиталь, Тараз қаласы
  • Әскери лазарет, Қарағанды қаласы
  • Әскери лазарет, Өскемен қаласы
  • Әскери лазарет, Сарыөзек кенті
  • Әскери лазарет, Үшарал қаласы

Министрлер тізімі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Суреті Аты-жөні
(Өмір сүрген жылдары)
Қызметі Әскер түрі Үкімет басшысы
1 Сағадат Нұрмағамбетов
(1924–2013)
мамыр
1992
қараша
1995
Құрлық әскерлері Терещенко
Қажыгелдин
2 Әлібек Қасымов
(1954 туған)
16 қазан
1995
30 қазан
1996
Құрлық әскерлері Қажыгелдин
3 Мұхтар Алтынбаев
(1945 туған)
30 қазан
1996
9 тамыз
1999
Әуе қорғаныс күштері Қажыгелдин
Балғымбаев
4 Сәт Тоқпақбаев
(1939 туған)
13 тамыз
1999
8 желтоқсан
2001
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Балғымбаев
Тоқаев
5 Мұхтар Алтынбаев
(1945 туған)
8 желтоқсан
2001
8 қаңтар
2007
Әуе қорғаныс күштері Тоқаев
Тасмағамбетов
Даниал Ахметов
6 Даниал Ахметов
(1954 туған)
10 қаңтар
2007
17 маусым
2009
Әскерде қызмет етпеген Мәсімов I
7 Әділбек Жақсыбеков
(1954 туған)
24 маусым
2009
2 сәуір
2014
Кеңестік армия Мәсімов I
Серік Ахметов
8 Серік Ахметов
(1958 туған)
3 сәуір
2014
22 қазан
2014
Кеңестік армия Мәсімов II
9 Иманғали Тасмағамбетов
(1956 туған)
22 қазан
2014
13 қыркүйек
2016
Кеңестік армия Мәсімов II
10 Сәкен Жасұзақов
(1957 туған)
13 қыркүйек
2016
7 тамыз
2018
Құрлық әскерлері Сағынтаев
11 Нұрлан Ермекбаев
(1963 туған)
7 тамыз
2018
31 тамыз
2021
Құрлық әскерлері Сағынтаев
Мамин I
12 Мұрат Бектанов
(1965 туған)
31 тамыз
2021
19 қаңтар
2022
Құрлық әскерлері Мамин I
Мамин II
13 Руслан Жақсылықов
(1966 туған)
19 қаңтар
2022
Қарулы Күштер Смайылов I
Смайылов II
Бектенов

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қорғаныс комитетін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі етіп қайта құру туралы" ҚР Президентінің 1992 ж. 7 мамырдағы № 738 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 1992, № 18, 279-бап).
  2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ережені бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
  3. Құрылым
  4. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары