Қанатжан Байзақұлы Әлібеков
Әлібеков Қанатжан (Қанат) Байзақұлы (АҚШ-та Кен Әлібек немесе Кеннет Әлібек (ағылш. Ken Alibek, Kenneth Alibek) деген атпен танымал, 1950 жылы туған) — дәрігер, ғалым, иммунология және инфекциялық аурулар жөнінен маман. Әскери дәрігер, полковник, Биология Ғылымының Докторы және Биотехнология Ғылымының Докторы дәрежелеріне ие. Кеңес Әскері кезінде Биопрепараттың алғашқы Төрағасы қызметін атқарды. Ол 1992 жылы Америка Құрама Штаттарына кетіп, Америка азаматтығын алды және биоқорғаныс консультанты, зерттеуші және кәсіпкер болып қызмет атқарды. АҚШ үкіметінің биоқорғаныс стратегиясын дамытуда белсенділік танытты.
Кен Әлібек Каучукта дүниеге келіп, жастық шағын Алматы қаласында өткізеді. 1975 жылы Томск медициналық институтының әскери факультетін «инфекциялық аурулар және эпидемология» мамандығы бойынша бітірді. 1975 жылдан бастап, КСРО Министрлер Кеңесі уақытында биологиялық қару жасау және сынаумен айналысатын «Биопрепаратта» жұмыс істеді. 1988 жылдан бастап 1992 жылға дейінгі уақыт аралығында «Биопрепараттың» бірінші төрағасы болды. Биологиялық қорғаныс және биологиялық қару шығару бағдарламаларының ғылыми жетекшісі қызметін атқарды.
1990 жылы КСРО президенті М. Горбачёвке КСРО-дағы биологиялық қару шығару бағдарламасын тоқтату жөнінде ұсыныс хатын жолдады. Президенттің қолдауын алған соң, жою бағдарламасын басқарды. 1991 жылдың соңында АҚШ биологиялық нысандарын инспекциялайтын комиссия басқарушыларының бірі болды. Инспекция АҚШ-тың әскери биологиялық қару өңдеуді 70 жылдардың басында тоқтатқанын көрсетті. 1992 жылы Америка Құрама Штаттарына көшті. 1999 жылы «Biohazard» атты кітабы жарық көрді. 2000-2006 жылдар аралығында BBC-дың шешімі бойынша ең ұлы тарихи тұлғалар тізіміне енді. Америкадағы Джордж Мейсон Университетінің (George Mason University) профессоры, АҚШ Биологиялық Қауіпсіздігі Ұлттық Орталығының басқарушысы болды.
Әлемдегі биологиялық соғыс пен терроризм қаупін азайтқаны үшін АҚШ Конгресінің «Әлем жетістігіне ауқымды үлесі үшін» медалімен мараппаталды.
Қазіргі таңда Назарбаев Университетінің Президенті Шигео Катсудың Бас Кеңесшісі болып жұмыс атқарады.
Әдебиеттер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Л. А. Федоров. Советское биологическое оружие: Раздел 2.3. Биологи в штатском («БИОПРЕПАРАТ»)
- Форум военных химиков. Завод «Биопрепарат», Степногорск, Казахстан
- Век биологического терроризма
- Наиболее влиятельные в АҚШ выходцы из бывшего СССР