Қаратпа сөз

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Қаратпа сөзсөйлемде айтылған ойдың кімге арналғанын білдіру не оған басқаның назарын аудару мақсатында жұмсалатын сөз немесе сөз тіркесі. Қаратпа сөз, сөйлемде басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспей, ерекше әуенмен айтылады, сөйлеушінің көңіл күйін, моральдықты білдіреді. Қаратпа сөз болатындар: жалқы есімдер, туыстық атаулар, эмоционалдық мәнді сөздер, көркем әдебиетте жан-жануар, жер-су атаулары т.б. Қаратпа сөз сөйлемнің басында келсе, одан кейін үтір, не леп белгісі, ортасында келсе, екі жағынан үтір белгісі, соңында келсе, оның алдынан үтір қойылады.

Мысалы: Балам, жөніңді айтшы, бізді көрсең сәлем бер деп әкең айтып па еді, жоқ өздігіңнен істедің бе?— деді. (М. Әуезов). Сөйлей бер, ақ домбырам, дүмбірлеген (Жамбыл). Ау, қызғыш құс, қызғыш құс, Қанатың қатты, мойның бос (Махамбет). Қаратпа сөздерді А. Байтұрсынұлы "Тіл — құралында" бұратана сөздердің қатарына жатқызған. ([1]

[2] [3] [4]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. А. Байтұрсынов. Тіл тағылымы. 1992.286-6).
  2. Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі — Алматы.
  3. «Сөздік-Словарь», 2005 жыл. ISBN 9965-409-88-9
  4. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Ғылымтану. Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын- Павлодар: ҒӨФ «ЭКО», 2006. ISBN 9965-808-78-3