Қаңбақ сораң
Қаңбақ Сораң (Salsola collіna) – алабұталар тұқымдасы, сораң туысына жататын бір жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанда Тобыл – Есіл, Зайсан, Ертіс алабында, Ақмола, Ақтөбе облыстарында, Каспий маңында, Мойынқұм, Балқаш – Алакөл ойысында, Алтай, Іле, Күнгей Алатауларында кездеседі. Жол жиегінде, қоқыс арасында, сортаң топырақты жерлерде өседі. Кейбір жерлерде бұл өсімдікті түйеқарын деп атайды. Биіктігі 15 – 50 (100) см. Сабағы түкті, бұтақтанып біткен. Жапырақтары кезектесе орналасқан, жіңішке, қысқа қылтанды, екі бүйірінде 2 гүлсерігі бар. Гүлшоғыры масақ тәрізді. Шілде – қыркүйек айларында гүлдейді. Жемісі – дәнек. Мал азықтық өсімдік, әсіресе, түйе сүйсініп жейді. Жемістенген кезінде сүрлем жасауға пайдаланылады. Қаңбақ Сораңнан сақар (сабын, шыны жасау өндірісінде қолданылатын хим. қосынды) алынады.[1]
Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақстан Энциклопедиясы
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|