Әбу Бәкір әл-Бағдади

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Әбу Бәкір әл-Бағдади
Ибраһим Аууад Ибраһим Әли әл-Бадри
суреті
2004 жылғы суреті
Туған күні

28 шілде 1971 (1971-07-28)

Туған жері

Самарра

Қайтыс болған күні

26 қазан 2019 (2019-10-26) (48 жас)

Қайтыс болған жері

Самарра

Атағы

Халифа

Басқарды

Ислам мемлекеті

Әбу Бәкір әл-Бағдади (араб.: أبو بكر البغدادي‎‎‎) — «Ислам мемлекеті» деп аталған әскери лаңкестік ұйымның «халифасы» және бас қолбасшысы.

Әл-Бағдади 1971 жылдың 28 шілдесінде Ирактағы Самарра қаласының маңында дүниеге келген. Шын есімі: Ибраһим Аууад Ибраһим Әли әл-Бадри (араб.: ابراهيم عواد ابراهيم علي البدري‎‎‎), кейде Әбу Дұға деп те аталады (араб.: أبو دعاء‎‎‎).

Ислам мемлекеті жариялаған «халифаның» ресми өмірбаянына сәйкес, әл-Бағдади Мұхаммед пайғамбардың ﷺ ұрпақтарына жатады екен. Ирактағы соғыс алдында Бағдат Ислам университетінің докторлық мәртебесіне ие болған ол соғыс басталғаннан кейін жақтастарымен бірге Жейш Әһл әс-Сунна уә әл-Жамағат («Әһлі-Сүннет және Жамағат әскері») тобын құрған. АҚШ әскерінің қолына түскен әл-Бағдади 2004 жылдың ақпанынан бастап желтоқсан айына шейін Кемп Букка түрмесінде отырған, бірақ «қауіптілігі аз» деп танылған соң бостандыққа шыққан. Аңызға сәйкес, ол түрмеден шығарда түрме күзетіне: «Нью-Йоркте кездескенше, жігіттер!», — деп айтқан екен[1]. 2006 жылы Ирактағы әл-Қағида атауын Мәжіліс шура әл-мужаһидинМужаһидтер кеңесінің мәжілісі») қылып өзгерткеннен кейін «Жейш» оған серт беріп, құрамына кірді. 2006 жылы бұл ұйымның атауы «Ирак Ислам мемлекеті» деп қайтадан өзгертілді. ИИМ уәлаяттарындағы шариғат комитеттерін басқарған әл-Бағдади 2010 жылдың сәуірінде ұйым жетекшісі Әбу Омар әл-Бағдади қаза тапқаннан кейін оның орнына тағайындалды[2].

2010 жылы Әбу Бәкір әл-Бағдади Ирак Ислам мемлекетін күшейту жұмыстарын қолға алды[3]. 2011 жылы АҚШ әл-Бағдадиді аса қауіпті лаңкестердің тізіміне енгізіп, оны ұстауға көмектесетін ақпарат үшін 10 миллион доллар сыйақы тағайындады[1]. 2013 жылға қарай әл-Бағдади содырлары Иракта айына он шақты рет шабуылдар ұйымдастыра бастады. Сонымен қатар ол Сирия президенті Башар әл-Асадқа қарсы көтерілісіке қосылып, Ән-Нұсра фронтының пайда болуына үлес қосты[3].

2019 жылдың 26 қазанында Сирияның Идлиб облысында АҚШ қарулы күштері ізіне түскен «халифа» Әбу Бәкір әл-Бағдади қаза тапты.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. a b Артем А. Кобзев Жиһад бойынша чемпиондар (ru) // Lenta.ru. — 7 шілде 2014.
  2. Аарон Зелин Әбу Бәкір әл-Бағдади: Ислам мемлекетінің қозғалтушы күші (en) // Би-Би-Си. — 31 шілде 2014.
  3. a b «Ислам мемлекеті» дегеніміз не? (en) = What is 'Islamic State'? // Би-Би-Си. — 2 желтоқсан 2015.