алма
Алма (лат. malus) — раушангүлділер тұқымдасына жататын, өте кең тараған дақыл, алма осы тұқымдас арасында таралуы жағынан бірінші орынды алады (2-3 млн га). Алманың басқа жеміс дақылдарының арасында кең орын алуы оның жемісінің сапалылығы, жоғары өнімділігіне және әр түрлі өсіп-даму жағдайларына бейімділігіне байланысты. Алма өзінің биологиялық және шаруашылық ерекшеліктеріне қарай бағалы дақыл болып табылады.Алманың әлемде 5000 жуық сорттары болса, ал Қазақстанда пайдалануға рұқсат етілген 30-40 жуық сорттары бар, бұл сорттардың өнімділігі жағынан айырмашылығы айқын байқалады. Қазіргі кезде әлемде жақсы көрсеткіштері жағынан іріктеліп алынған 50 жуық сорттар бар, бұл сорттардың ерекшелігі ерте өнім салғыш қабілеттілігі, ағаш бөрікбасының аласалылығы, өнімдерінің тауарлық сапасы және көптеген вегетативті әсіресе ергежейлі телітушілермен сәйкестілігі. Жемiс шаруашылығымен айналысатын елдердің барлық аймақтарында таралған. Алмалар жақсы тасымалданатын, көп сорттарының өнімдері жаңа өнiмге дейiн жақсы сақталады. Алма нәрлі заттарға бай, дәмі татымды және жасаң күйінде көп пайдаланады сонымен қатар қайта өңдеу үшiн жарамды. Олардың iшiнен тосап, шырын және сусындар, құрғақ жемiс, жемiстен жасалған кәмпит, пюре, мармелад әзiрлейдi. Алма жемісі тасымалдауға, сақтауға жарамды, тағамдық заттарға бай, дәмді келеді, әрі жақсы өңделеді. Алма құрамында 83-88 % су, 7,5-16 % қант, 0,2-0.8 % қышқыл, 9,5-18,5 % құрғақ қалдық, 0,28-1,0 % илік заттар, А, В1, В2, В6, С, РР дәрумендері, көптеген минералды заттар бар. Шырынынан шарап, сусын дайындалады, жемісін емдік дәрі ретінде де, адам ағзасын ауыр метал заттардан тазалауға, қан бұзылу және жүрек ауруларын емдеуге қолданады. Жемісінің құрамынды химиялық элементтердін, кышқылдар мен дәрумендердің мол болуы, әрі жемістерін ұзақ сақтауға, тасымалдауға және өндеуге жақсы келетіндігі, оларды тамак өнеркәсібінде, медицинада, шаруашылықта, экологияны жаксартуда т.б. маңызы зор. Қазакстанда жеміс дакылдарының ішінде 70%-ға жуық бақ көлемін алма дақылы алады. Қазіргі кезде алма дақылымен көптеп шұғылданатын Батыс Еуропа және Азия мемлекеттерінің қарқынды бақтарында 3-5 жылдары 30-40 т дейін өнім алса, ал кей жағдайларда 50-60 т дейін өнім алады. Оның басты себебі түрлі климаттык жағдайға бейімделген, жемістері әр түрлі мезгілде пісетін сорттарының мол болуына байланысты.