Дөнен жарыс

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Дөнен жарыс — халықтық көне спорттық ойындарының бірі. Дөнен жарысына әзірлік жарыс болардан әлдеқайда ерте басталады. Жарысқа төрт жасар аттар әзірленеді. Жарысқа қатынасатын дөнендер мұқият іріктеледі және ат жарысына жасалатын әзірліктің барлық тәртіптері мұқият сақталады. Дөнен жарысы үлкен жиын-тойларда, алысқа шабатын сақа аттардың алдында, құнан жарысының соңынан басталады. Дөнен жарысына да жас мөлшері 9-10 шамасындағы немесе одан ересек балалар қатынасады. Дөнендерді қай қашықтықтан жіберу керектігін алдын ала белгіленген төрешілер алқасы келісіп шешеді.

Ертеде дөнендер 25—30 шаңырым тіпті одан да алыс қашықтыққа жіберілген. Озып бәйге алған дөнендер келесі жылдары бәйгенің ең жоғары сатылары — ат жарысы мен аламан бәйгеге қосыла алады.

Дөнен жарысын әзірлеуге қатынасқан бала мал шаруашылығы саласынан көп мағлұмат алып, жылқы малын танып, біліп өседі. [1]

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Сағындықов Е. С. / Қазақтың ұлттық ойындары. — Алматы: «Рауан» баспасы, 1991 жыл .—176 бет. ISBN 5-625-01063-3