Көк сиыр

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Жануарлар дүниесімен байланысты тағы бір ойын — «Көк сиыр» ойыны. Ойынға қатынасушыларға шек қойылмайды.

Ойын көгалды алаңда ойналады. Көгалға жиналған ойнаушылар бір сызықтың бойына малдастарын құрып отырады. Осы кезде, ойын жүргізушінің өзі «Көк сиыр» болып ойнаушылардың ортасына келіп: «Бұзауымды жоғалтып алдым, көргендерің бар ма»,— дейді. Ойнаушылар барлығы бір дауыспен: «Ит-құс жеп кеткен, сен адамға зиянкессің, сүзесің, бізден әрі кет»,— дейді. «Көк сиыр» кетіп қалады да, тағы бір айналып келеді. Ештеңе көрмеген, білмегенсіп, мүләйімсіп, мүсәпір болып, «Мені құшақтайтын адам жоқ, киім тігетін инем жоқ»,— деп шағым ете бастайды. Сонымен ойнаушылар бұзаудың қайда екенін біле тұра айтпайды да, әркім өзінше садақаларын береді. Содан «көк сиыр» тапқан табысын жинап алып, бұзауын таба алмай кете барады. Артынан ізінше, қатардың артында көрінбей отырған «Көк сиырдың» «бұзауын» жібереді. «Көк сиыр», «бұзауын» келген беттен, «Мен іздегенде қайда болдың?»— деп ашуға басып, қуып жібереді. «Бұзау» баяғы өзінің кеткен жағына қайта келеді. Ойнаушылардың барлығы қайтадан өз орындарына жайғасып отырғаннан соң «Көк сиыр» бағанағы жинап алған заттарын бір-бірлеп шығара отырып, иесін ортаға шақырып, көпшіліктің ұйғаруымен, болмаса өзінің айтуы бойынша, оған өнер көрсеткізеді. Осылайша барлық ойнаушылар ортаға шығып өнер көрсетіп біткеннен кейін, «Көк сиыр» мен «бұзау» өздерінің рөльдерін көңілі ұнатқан ойнаушыларға береді. Сөйтіп ойын әрі қарай жалғаса береді. [1]

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Сағындықов Е. С. / Қазақтың ұлттық ойындары. — Алматы: «Рауан» баспасы, 1991 жыл .—176 бет. ISBN 5-625-01063-3