Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев
Туған күні

14 тамыз 1962 (1962-08-14) (62 жас)

Туған жері

Алматы

Әскер түрі

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі

Атағы

Заң ғылымдарының кандидаты, полиция генерал-лейтенанты

Марапаттары

Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев (14 тамыз 1962, Алматы) — Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі (25 ақпан 2022 жылдан бастап), Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі (2019-2022 жж.). Заң ғылымдарының кандидаты (2004), полиция генерал-лейтенанты.

Шапырашты руынан шыққан.[1][2]

  • С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін (1984) заңгер-құқықтанушы мамандығы бойынша;
  • әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қаржы және несие факультетін (2003) экономист мамандығы бойынша бітірген.
  • Еңбек жолын 1984 жылы Қарағанды облысы Саран қалалық атқару комитетінің ішкі істер бөлімі қылмыстық іздестіру жедел уәкілі лауазымынан бастады.
  • 1986 жылдан бастап 2000 жылға дейін – Алатау және Калинин АІІБ-ның жедел-тергеу бөліністерінде, сондай-ақ Алматы қаласының ҚІІД-де әртүрлі басқарушы лауазымдарды атқарған.
  • 2000 жылдан бастап – Қазақстан Республикасы ІІМ Тоғызыншы департаменті және Криминалдық полиция департаментінің бастығы.
  • 2003 жылғы сәуірден бастап – Қазақстан Республикасы ІІМ Солтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің бастығы.
  • 2006 жылғы мамырдан бастап – Қазақстан Республикасы ІІМ Тергеу комитетінің төрағасы.
  • 2006 жылғы шілдеден бастап – Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы қаласы Ішкі істер департаментінің бастығы.
  • 2012 жылғы желтоқсаннан бастап – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары.
  • 12 ақпан 2019 жыл — 25 ақпан 2022 жыл — Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі.
  • 25 ақпан 2022 жыл — Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі[3]

Ғылыми еңбектері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Заң ғылымдарының кандидаты (2004). Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Билік немесе қызмет өкілеттілігінің шегінен шыққаны үшін қылмыстық жауапкершілік».

  • «Билік немесе қызмет өкілеттілігінің шегінен шыққаны үшін қылмыстық жауапкершілік» монографиясының (2004), сондай-ақ 14 мақаланың авторы.

Марапаттары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • І және II дәрежелі «Даңқ» орденінің толық кавалері;
  • II дәрежелі «Айбын» ордені;
  • I дәрежелі «Қайсар» белгісі;
  • «Еуразиялық экономикалық одақтың дамуына қосқан үлесі үшін» медалі;
  • мерейтойлық және ведомстволық медальдар;
  • ҚР ІІМ Еңбек сіңірген қызметкері.
  • Полиция генерал-лейтенанты.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Үлгі:Асқар Маминның министрлер кабинеті