Көкшетау Халықаралық Әуежайы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Көкшетау Халықаралық Әуежайы
Kokshetau International Airport


Жолаушылар терминалдың алдындағы перрон

IATA: KOV (КОВ)ICAO: UACKLID: КЧТ—WMO: 28879
KOV (Ақмола облысы)
KOV
Әуежайдың Ақмола облысында орналасуы
Қысқаша мәлімет
Әуежай түрі Азаматтық
Операторы ҚТЖ «Airport Management Group»
Қызмет көрсетеді Көкшетау
Орналасқан орны Көкшетаудан солтүстік-шығысқа қарай 12.5 км қашықта орналасқан, Ақмола облысы, Қазақстан
Тасымалдаушы Хабы ● Көкшетау Әуекомпаниясы (жабылды)
Теңіз деңгейінен биіктігі 274 м / 899 ф
Координаттар 53°19′10″ с. е. 69°35′25″ ш. б. / 53.31944° с. е. 69.59028° ш. б. / 53.31944; 69.59028 (G) (O) (Я)
Ұшып-қону жолақтары
Жолақ бағыты Ұзындығы Айдыны
м фут
02/20 2,850 9,350 Асфальт
Статистикасы (2018)
Жолаушылар 21 427 адам
Source: AIP Kazakhstan[1]

Көкшетау Халықаралық Әуежайы (IATA: KOV, ICAO: UACK) (ағылш. Kokshetau International Airport) — Қазақстан Республикасының Ақмола облысындағы Көкшетау қаласының халықаралық әуежайы. 1945 жылы салынған. Ол Көкшетау орталығынан солтүстік-шығысқа қарай 12.5 км қашықта, Ақкөл ауылы мен А-13 автожолының арасында орналасқан. 2018 жылы әуежай 21,427 жолаушыға қызмет көрсеткен (2017 жылмен салыстырғанда 2.7%-тік кему) және осы көрсеткіш бойынша қазақстандық әуежайлар арасында жолаушылар ағыны бойынша 17-ші орынды иеленді.

Әуе транспортының халықаралық қауымдастағы (IATA) тағайындаған Көкшетау әуежайының үш әріптік коды KOV болып табылады, себебі Көкшетау бұрын Кокчетав деп аталды. "Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық Әуежайы" акционерлік қоғамының құрылымымен басқарылады.[2] Көкшетау қаласының әуежайында "SCAT" АҚ-ның Ақтау қаласына (Маңғыстау облысы) тұрақты авиарейстері - аптасына 2 рейс, Шымкент қаласына тұрақты авиарейстері - аптасына 2 рейс және "Qazaq Air" АҚ-ның Алматы қаласына аптасына 3 рет рейстері орындалады.

Көкшетау орталығынан солтүстік-шығысқа қарай 12.5 км қашықта, Ақкөл ауылы мен А-13 (бұрынғы Р393) автожолының арасында орналасқан.

Көкшетау әуежайының тари­хы 1945 жылдың маусым айынан өзек тартады.[3] Шағын әуежай қаланың солтүстігінде, Қопа көлінің іргесінде орналасты 53°18′47″ с. е. 69°23′00″ ш. б. / 53.31306° с. е. 69.38333° ш. б. / 53.31306; 69.38333 (Шағын әуежай) (G) (O) (Я).[3] Сол жылғы шілденің орта шенінде әуежайға алғашқы ПО-2 ұшағы келіп қонды. Оны басқарған 4-сыныпты ұшқыш Николай Бон­дарьды қалалықтар нағыз батыр ретінде құрметпен қарсы алды.[3]

Көкшетау тарихындағы ерекше оқиға ретінде, 1972 жылы қаланың шығыс беткейінде жаңа әуежайдың ашылуын айтуға болады. Бұл іске сол кездегі обкомның бірінші хатшысы, белгілі қоғам қайраткері Еркін Әуелбековтің айрықша үлес қосқанын құрметпен еске алғанымыз жөн. Салтанат шараларына екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдинов қатысып, жергілікті ұшқыштардың бойына жігер қосты.[3]

Модернизация

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қабылдайтын әуе көлігі түрлері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Әуежай азаматтық авиа­цияның Халықаралық ұйымы (ИКАО) стандарттары талаптарының 1-санатына жауап бере алады. Яғни, ұшып-қону алаңы жалпы салмағы 171 тонналық лайнерлерді, тікұшақтардың барлық түрін қабылдай алады.[3]

Airbus A320, Airbus A321, Airbus A330, Airbus A350, Boeing 757, Boeing 777, Boeing 787, және тағы да басқа 3-4 кластағы ӘК түрлері, барлық типтегі тікұшақтар. Әуе көлігінің ең көп ұшу салмағы шектеусіз. Ұшу-қону жолағының (PCN) жіктеу саны 50/F/С/Y/T.[3]

Сағатына 200 жолаушыны қабылдай алатын аэровокзал екі телескопиялық трап, лифт және эскалаторлармен жабдықталған.[3] Халықаралық Көкшетау әуежайда жолаушыларға барлық қолайлы жағдайлар жасалумен бірге, тір­кеу, шекаралық және кедендік ре­сімдеу орындары қарастырылған.[3]

Әуе компаниялары мен бағыттар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Жолаушылар рейстері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

2023 жылғы мәлімет бойынша Көкшетау әуежайынан келесі бағыттар бойынша рейстер ұшырылады:

*
Маусымдық бағыттар
Әуе компаниясы Бағыттары Ұшақ түрі Рейс нөмірі Ұшу уақыты
Қазақстан FlyArystan Алматы
A320-200
KC7114/KC7113
2с 05мин.
Қазақстан SCAT Ақтау
CRJ-200
DV780/DV779
2с 25мин.
Қазақстан SCAT Алматы
CRJ-200
DV760/DV759
2с 05мин.
Қазақстан SCAT Түркістан
CRJ-200
DV797/DV798
1с 40мин.
Ресей ИрАэро Мәскеу
SSJ-100
IO682/IO681
3с 15мин.

Қызмет көрсеткіштері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Жолаушылар легі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Жолаушылар саны:
год
2014
2015
2016
2017
2018
Жолаушылар саны
3 064
17 497
14 213
22 016
21 427
Өзгеру
058.6 %
0471.1 %
018.8 %
015.6 %
02.7 %
Қазақстандағы орны
19
17
17
17
17

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]