Хиуаз Доспанова халықаралық әуежайы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Хиуаз Доспанова халықаралық әуежайы

IATA: GUWICAO: UATG
Қысқаша мәлімет
Әуежай түрі Қоғамдық
Операторы "Атырау Халықаралық Əуежайы" ЖШС
Қызмет көрсетеді Атырау
Орналасқан орны Атырау қаласының батыс бөлігінде
Тасымалдаушы Хабы * SCAT
Теңіз деңгейінен биіктігі -22 м / {{{elevation-f}}} ф
Coordinates 47°07′20″ с. е. 051°49′46″ ш. б. / 47.12222° с. е. 51.82944° ш. б. / 47.12222; 51.82944 (G) (O) (Я)Координаттар: 47°07′20″ с. е. 051°49′46″ ш. б. / 47.12222° с. е. 51.82944° ш. б. / 47.12222; 51.82944 (G) (O) (Я)
Сайты [1]
Ұшып-қону жолақтары
Жолақ бағыты Ұзындығы Айдыны
м фут
14/32 3000x45 Асфальт

Хиуаз Доспанова халықаралық әуежайыАтырау қаласының әуежайы. 1931 жылы салынған.[1] Әуежайдың тұрақты жұмыс жасауын сенімгерлік басқару арқылы Airport Management Group деп аталатын ҚТЖ құрылымы қамтамасыз етіп тұрады[2], 100% акциясы "Самұрық-Қазына" қорына тиесілі.

Атырау облысында Атырау әуежайынан өзге Теңіз жергілікті әуе желілерінің әуежайы бар. Кеңес уақытында облыста бірқатар жергілікті әуе желілерінің әуежайлары құрылған болатын (Индербор, Қарабау, Миялы, Райгородок, Мақат, Құлсары), алайда 1990-шы жылдары олар қараусыз қалып, содан бері тек Ан-2 ұшақтары мен тікұшақтардың авиациялық жұмыстар жүргізу кезінде қолданатын қону алаңдары ретінде пайдаланылады.

Әуе компаниялары мен бағыттар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

2015 жылдың қарашасына сәйкес мәлімет бойынша Атырау әуежайынан келесі бағыттар бойынша рейстер ұшырылады:

Тасымалдаушы
Атауы
Бағыттары
Қазақстан Air Astana Қазақстан Алматы, Қазақстан Астана, Қазақстан Ақтау, Түркия Ыстамбұл, Нидерланд Амстердам
Қазақстан Qazaq Air ҚазақстанАқтөбе,ҚазақстанОрал
Қазақстан Bek Air Қазақстан Алматы, Қазақстан Астана
Қазақстан SCAT ҚазақстанАстана, Қазақстан Актау, Әзірбайжан Баку
Ресей Аэрофлот Ресей Мәскеу-Шереметьево

Жолаушылар легі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • 2009 - 16 001 адам[3]
  • 2010 - 59 457 адам
  • 2011 - 101 707 адам
  • 2018 - 833 968 адам

Қабылдайтын әуе көлігі түрлері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ан-12, Ан-24, Ан-26, Ан-28, Ан-30, Ан-32, Ан-72, Ан-74, Ан-124, Ил-62, Ил-76, Л-410, Ту-134, Ту-154, Як-40, Як-42, Airbus A319, Airbus A320, Airbus A321, ATR 42, ATR 72, Boeing 707, Boeing 737, Boeing 747, Boeing 757, Boeing 767, және тағы да басқа 3-4 кластағы ӘК түрлері, барлық типтегі тікұшақтар. Әуе көлігінің ең көп ұшу салмағы шектеусіз. Ұшу-қону жолағының (PCN) жіктеу саны 84/F/C/X/T.

Ұшып-қону жолағы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ұшып-қону жолағының көлемі 3000х45 м.құрайды. Негізгі жолақтың екі жанындағы жанама қауіпсіздік жолағының ені 7,5 м. Ұшып-қону жолағы жабындысының қалыңдығы 115 см., дренаждық жүйемен және аяздан қорғайтын қабатпен жабдықталған. Жолақ жабындысының беткі қабаты, жарық түсуіне жол бермейтін полимерлі модифициаланған асфальттық бетонмен жабылған. Жабынды төзімділігінің коэффициенті 84-ке тең. Бұл коэффициент ұшу салмағы 600 тоннаға дейінгі ауыр ұшақтарды қабылдай алады.[4]

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]