Шолу дөңгелегі
Шолу дөңгелегі (сондай-ақ, ауызекі сөйлеуде шайтан дөңгелегі) — тігінен орнатылған дөңгелектер түріндегі үлкен аттракцион, оны айналдыра жолаушылар үшін кабиналар бекітілген. Шолу дөңгелектері көптеген ойын-сауық парктерінде және басқа жерлерде бар.
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қазіргі заманғы шолу дөңгелектерінің үлгісі адамның қозғалысқа бұлшықет күшімен қозғалысқа келетін құрылыс болатын, ол XVII ғасырда пайда болған.
Бірінші шолу дөңгелегін 1893 жылы инженер Джордж Вашингтон Гейл Феррис-кіші (ағылш. George Washington Gale Ferris, Jr.) құрастырған. Ол Дүниежүзілік колумбиялық Чикаго көрмесінде орнатылған.[1] Доңғалақ Париждегі Эйфель мұнарасына американдық жауап ретінде жасалды. Доңғалақтың диаметрі 75 метр, салмағы — 2000 тонна құраған. Доңғалақ әрбірінің қуаты 1000 а. к. екі бу машинасымен қозғалысқа келген. Дөңгелекті айналдыра көлемі шамамен автобустай болатын 36 кабина бекітілген. Әр кабинада 20 отыратын және 40 тұратын орын бар, осылайша, аттракционның жалпы жолаушылар сиымдылығы, 2160 адам құраған. Дөңгелектің айналымы жиырма минут құрайды. Дөңгелектің 70 тонна осі сол уақытта ең үлкен болат техника тарихындағы қақталған бөлшек болатын. Доңғалақ сол уақыттағы ең биік ғимараттан биік, бірақ Эйфель мұнарасынан төрт есе төмен болатын.
Көрме жабылғаннан кейін бұл дөңгелекті тағы екі рет басқа жерге көшірді. Доңғалақ түпкілікті түрде 1904 жылы бұзылды, кейін ол жыл бойы Сент-Луистегі көрмеде қызмет етті.
Ферристің шолу доңғалақтарының құрылыс ы ісіне салымының маңыздылығы туралы, тым болмаса сол ағылшынша дөңгелек әлі күнге дейін ferris wheel деп аталады, яғни, "Феррис доңғалағы".
Шолу доңғалақтарының ең танымал Ферристің жобасы бойынша салынғандарының бірі, көп ұзамай ол қайтыс болғаннан кейін, 1897 жылы, Венада салынған және осы күнге дейін сақталған. Ол Wiener Riesenrad деп аталады және Аустрия астанасы басты көрікті орындарының бірі.
Ұлыбританияда бірінші шолу дөңгелегі Лондон қаласында 1895 жылы салынды. Ол Ферристің Чикагодағы дөңгелектерінен екі жас австралиялық инженер Адам Гадделин (ағылш. Adam Gaddelin) және Гарретом Уотсонмен (ағылш. Gareth Watson) көшіріліп жасалған, олар кейіннен бүкіл әлем бойынша тағы екі жүзге жуық шолу доңғалақтарын салды. Лондондық шолу дөңгелегі 1895 жылдан 1906 жылға дейін тұрған, бұл уақытта 2,5 млн адамды мінгізіп үлгерген. Ол Earls Court ауданында болған.
Шолу доңғалақтарының түрлері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]"Бақылау дөңгелектері"
[өңдеу | қайнарын өңдеу]"Бақылау дөңгелектері" (ағылш. observation wheel) — деп аталатын шолу доңғалақтарының жаңа түрі. Мұндай типтегі бірінші дөңгелек "Лондондық көз" (ағылш. London eye). Бұл дөңгелек 1999 жылы ашылды. Қазіргі уақытта мұндай типтегі доңғалақтардың құрылысы Лас-Вегаста, Шанхайда, Мәскеуде, Бердянскте және кейбір басқа да қалаларында жүргізілуде.
Байқау дөңгелектерінің классикалық үлгідегі шолу дөңгелектерінен негізгі айырмашылығы, бақылау доңғалақтарының кабинасы айналдыра ілінбеген, шеңбер сыртынан монтаждалды. Егер қарапайым шолу дөңгелектерінің кабинасы қажетті жағдайда ауырлық күші арқасында ұсталатын болса, онда бақылау дөңгелегінің кабиналарын қажетті жағдайда ұстау үшін күрделі тұрақтандыру механикалық жүйесін талап етеді.
Басқа да түрлері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Классикалық шолу дөңгелектерінің ерекше түрі сырғымалы кабиналары бар дөңгелек. Мұндай дөңгелек 1920-шы жылдары "Coney Island" саябағында, Нью-йорктың Бруклин ауданында құрастырылды. Ол осы күнге дейін сақталған және қазір "Deno's Wonder Wheel Park" саябағында пайдаланылады. Осы дөңгелектердің көшірмесі Калифорния паркіндегі Дисней-Лэндте қолданылады.
1999 жылы Нидерландыда өткен көрмеде автомобильдер үшін дөңгелек құрылды, мұндағы кабинка орнына алаң қолданылды, оған автокөлік бекітілген.
Белгілі шолу дөңгелектері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Венадағы шолу дөңгелегі. Вальтер (Уолтер) Бассет 1897 жылы салды, әлі күнге дейін бар. Дөңгелектің биіктігі — 64,75 м.
- Фукуока аспан арманы — классикалық үлгідегі ең үлкен дөңгелегі (бақылау дөңгелектерін есептемегенде), Фукуока жапон қаласында орнатылған. Диаметрі — 112 м, жалпы биіктігі — 120 м.
- Париж шолу дөңгелегі ең үлкен жылжымалы шолу дөңгелегі. Биіктігі — 60 м. Тұрақты іргетас ретінде талап етпейді, тұрақтылығын су көлемі 40 мың литр балластық бактар қамтамасыз етеді. Алғаш рет бұл дөңгелек Париж миллениумын мерекелеу қарсаңында орнатылған болатын. 2003 жылы дөңгелек Бирмингемге көшірілді, және онда келесі жылдың ақпанына дейін бболған, содан кейін Манчестерге ауыстырылды. Осыдан кейін дөңгелек қайтадан еуропалық континентке оралды. 2005 жылы жазда ол Амстердамға қондырылған.
- Лондондық көз — 135-метрлік дөңгелек, 2000—2006 жылдардағы әлемдегі ең үлкен шолу дөңгелегі, Қытайда "Наньчан жұлдызы" доңғалағы ашылғанға дейін. Қазіргі әлемде уақытта биіктігі бойынша төртінші шолу дөңгелегі, "Наньчан жұлдызынан", Singapore Flyer және High Roller Лас-Вегастағы кейін .
- Наньчан жұлдызы — әлемде биіктігі бойынша үшінші Наньчанда (Қытай) орналасқан. Биіктігі 160 м.
- Singapore Flyer дөңгелегі — әлемдегі ең үлкен шолу дөңгелегі атағын 2007-2014 жж. (165 м) иемденген.
- High Roller Лас-Вегаста — ең биік дөңгелек (биіктігі 167 м), келушілер үшін 2014 жылы 31 наурызда ашылды.[2]
- Измайлов мәдениет және демалыс саябағындағы шолу дөңгелегі.
- Припять саябағында шолу дөңгелегі. Чернобыль иеліктен шығару аймағыының символдарының бірі болып табылады. Осы дөңгелек ешқашан пайдаланылмады, өйткені 1986 жылы 1 мамырда ашылуы тиіс, яғни, апатан кейін 5 күннен кейін.
- Одессадағы шолу дөңгелегі (биіктігі бойынша Украинада үшінші — 45 м) 2011 жылы салынды және Т. Г. Шевченко саябағында орналасқан.
- Минсктегі Беларусь аумағында ең биік (54 м) шолу дөңгелегі[3].
- Ашхабадтағы шолу дөңгелегі жабық үлгідегі ең ірі шолу дөңгелегі (47,6 м)[4].
Фактілер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Бүгінде Дубайда биіктігі 210 метр әлемдегі ең ірі шолу дөңгелеігінің құрылысы жүргізілуде[5]. Алып аттракцион жасанды аралда орналасады.
Сондай-ақ,
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Панорама Всемирной Колумбовской выставки в Чикаго с высоты птичьего полета, 1893 г. (1893). Басты дереккөзінен мұрағатталған 19 шілде 2013. Тексерілді, 17 шілде 2013.
- ↑ 5 самых высоких колес обозрения в мире
- ↑ Самая популярная карусель Минска — колесо обозрения(қолжетпейтін сілтеме)
- ↑ Туркменское «колесо обозрения» попало в Книгу Гиннеса Форум
- ↑ World’s largest ferris wheel takes shape in Dubai
Әдебиет
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Norman D. Anderson. Ferris Wheels: An Illustrated History. Popular Press. ISBN 0-87972-532-X.
Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- (ағылш.) - Джордж Феррис және оның өнертабысы туралы Массачуссетского технологиялық институтының сайтында Мұрағатталған 2 наурыздың 2003 жылы.
- (ағылш.) Шолу доңғалақтары тарихы және құрылысы туралы ақпарат
- (ағылш.) Чикагодағы шолу доңғалағы туралы толық мақала Мұрағатталған 18 қаңтардың 2013 жылы.